Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының жүзеге асу барысы талқыланды

Фев 11, 2026

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасының өңірдегі іске асырылу барысы қаралды. Бүгінде жобаның ресми платформасында Қостанай облысы бойынша 44 мыңнан астам қатысушы тіркеліп, оқырмандық белсенділік артып келеді.

Жоба мектептерді, колледждерді, педагогтерді, мемлекеттік қызметшілер мен отбасыларды қамтып отыр. Жиында Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт қана – зияткер ұлтқа айналады» деген ұстанымына сай, оқу мәдениетін дамыту және қатысушылардың белсенділігін арттыру міндеттері белгіленді.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасының барысы таныстырылып, оның жас ұрпақтың патриоттық рухын күшейтіп, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

@qostanai_tany