2026 жылғы 4 ақпан күні KIA зауытының базасында өткен кездесуде Қостанай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.
Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы өңірдің аудандары мен ауылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндама жасады.
Аталған кездесуге Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
