Молдасалыкова Жанерке «Қазақ тілі және әдебиет» білім беру бағдарламасының 3 -курс студенті Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің студенттерді оқуға қаражат жинауға мүмкіндік беретін «Келешек» бағдарламасы туралы сөйлеген сөзін қолдай отырып, өз пікірін білдірді.
Жанерке бұл бастаманың әсіресе қаржылық қиындықтарға тап болатын студенттер үшін өте маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, «Келешек» бағдарламасы жастарға білім алуға алдын ала дайындалып, қажетті қаражатты жинақтауға мүмкіндік береді, бұл білім алуды барлық әлеуметтік топтар үшін қолжетімді етеді