Қостанай қаласының №3 емханасы «Қостанай облыстық СПИД—тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен» бірлесе отырып, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында 2026 жылдың 16 наурызында академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында профилактикалық шара өткізілді. профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер.
Іс-шараның мақсаты:
— АИТВ инфекциясы және туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру;
— ЖЖБИ алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру;
— Салауатты өмір салтын насихаттау;
— Стигматизация мен кемсітушілікті жою;
— АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.