2026 жылдың шілдесінде жоба жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Кабдуллина AP23484373 «Мемлекеттік саясаттың қазіргі заманғы мәселелері: Қазақстан аймақтарындағы азық-түлік қауіпсіздігін шешуге жасыл экономиканы біріктіру» жобасы аясында Алматы қаласында ғылыми-зерттеу іссапарында болды. Сапар барысында жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мамандандырылған қауымдастықтардың ғалымдары мен сарапшыларымен жұмыс кездесулері өтті:
— «Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық жерлерді дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС: Институт директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Е.И. Исламов; ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Б.М. Махатов; ф.ғ.д., профессор С.Т. Жумашева;
— «Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» АҚ және Орталық Азия экологиясы мен қоршаған ортаны зерттеу орталығы: ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі А.Д. Ғазизов;
— Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы: директор Б.К. Мамедов; климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика бағдарламасының менеджері, CACIP үйлестірушісі А.М. Каузов, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларының жоба мамандары;
— Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы: Стратегиялық даму жөніндегі директор А. Антонов.
