18 ақпанда Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушылары Клышева А.М. және Стулникова М.А. Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» КММ ұйымдастырған дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты.
Іс-шара мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, діни экстремизмнің алдын алу және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Семинардың спикері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының аға оқытушысы, phD докторы Мұстафина Толғанай Вагизқызы болды. Ол өз сөзінде діни саясаттың өзекті мәселелеріне, діни ортадағы заманауи тенденцияларға тоқталып, мақсатты аудиториялармен тиімді жұмыс істеу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Бұл іс-шараға қатысу кәсіби білімдерін кеңейтуге, әріптестерімен тәжірибе алмасуға және конфессияаралық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын және іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.