Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Есеп жəне аудит

Шифр-6В04103

Академикалық дәрежесі: 6В04103 Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша  бизнес және басқару бакалавры 

Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі

  • бухгалтер;
  • бухгалтер-ревизор;
  • бухгалтер-менеджер;
  • салық инспекторы;
  • аудитор;
  • аудитордың көмекшісі;
  • бас бухгалтер;
  • қаржық сараптама;
  • экономист.

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіптік қызмет салалары мемлекеттік органдар, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары болып табылады.

Кәсіби қызметтің объектілері

Қаржы-экономикалық және бухгалтерлік қызметтер, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдардың, банктердің ішкі бақылау және аудит бөлімдері; салық органдары, аудиторлық, консалтингтік компаниялар.

Кәсіби қызметтің пәндері

Шаруашылық операцияларды қаржылық және басқарушылық есепке алу, қаржылық есептілік, қаржылық есептілікті талдау және аудит, салық салу.

Кәсіби қызметтің түрлері

  • ұйымдастыру-басқару – бухгалтерлік есепті жүргізу үшін құрылған шағын топтың қызметін ұйымдастырады; аудиторлық рәсімдерді жүргізу кезінде көмек ұйымдастырады;
  • есептік-экономикалық қызмет және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу, қаржылық, басқарушылық және салықтық есепке алуды жүргізу;
  • Сараптамалық қызмет-экономикалық талдауды жүзеге асырады, қаржылық және салық есептілігін қалыптастырады.

Кәсіби қызметтің функциялары:

  • бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық, салықтық есептілікті жасау және Талдану;
  • есеп және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны менеджерлердің басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалануына дайындау, инвесторлар, кредиторлар, сыртқы және ішкі пайдаланушылар;
  • бухгалтерлік есеп жүргізудің заңнамалық-нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсету (аудиторлық және консалтингтік қызмет);

 

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

  • бухгалтерлік қызметті, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру және басқару;
  • бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаттары мен қағидаларына және жедел басшылық пен басқару үшін қажетті қаржылық есептілікті жасау қағидаларына сәйкес ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы қарастырлады және шынайы ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету.
  • ұйымның қызметіне экономикалық талдау жүргізу, қаржылық және салықтық есептілікті дайындау.

Кәсіби қызметтің бағыттары

6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалаврлары әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік, аудиторлық, экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік жұмыстарға арналған.

Кәсіби қызметтің мазмұны

Білу керек:

  • қаржылық есеп пен есептіліктің рөлі мен принциптерін сипаттау;
  • ұйымның ерекшеліктеріне қарай есеп саясатын әзірлеу;
  • бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және шаруашылық операцияларды жүргізу;
  • есепке алу құжаттарында мүліктің, міндеттемелердің және капиталдың қозғалысын уақтылы тіркеу;
  • әлеуметтік саладағы және басқарудағы кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қаржылық есептілік жасау;
  • қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасау;
  • әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын зерттеу;
  • бухгалтерлік есеп деректерін тіркеу, өңдеу және қорытындылау;
  • бухгалтерлік есеп әдістемесін түсіну;
  • талдау негізінде зерттелетін процестердің дамуындағы дамып келе жатқан тенденцияларды анықтау;
  • экономикалық жағдайды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • басқарушылық және өндірістік қызмет деңгейін арттыруға ықпал ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау және аудит жүргізу.