Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Интеллектуалды ойын «Жасанды интеллект және адам: алгоритмдер дәуіріндегі ойлау стратегиясы»

Фев 27, 2026

2026 жылдың 27 ақпанында академик Зұлқарнайын Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасындаыырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Жасанды интеллект және адам: алгоритмдер дәуіріндегі ойлау стратегиясы» атты интеллектуалды ойын өтті.

Ойынға Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Командалар дайындықтың жоғары деңгейін, креативтілігін, стратегиялық ойлауын және топта жұмыс істей білуін көрсетті.

Интеллектуалды ойынның барлық қатысушылары университеттен естелік сыйлықтар алды. Барлық мектептерге жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесі мен белсенділігі үшін алғыс хаттар табысталды.

Ойын қорытындысы:

1 орын — Nomad командасы
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2 орын — «Айви» командасы
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3 орын — «Эрудит» командасы
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бірінші және екінші орын алған командалар академик Зұлқарнайын Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректорлық грантына ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға, оқытушылар мен ұйымдастырушыларға жарқын ойын және жаңа білімге ұмтылыстары үшін алғыс айтамыз!