2026 жылдың 10 ақпанында Курганская көшесі, 5 мекенжайындағы №1 студенттік жатақханада тұратын студенттермен кездесу өтті.
Студенттермен кездесуге қатысқандар: Байқадамов Н.Т., оқу ісі жөніндегі проректор тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс, Шияпов А.Б., Қауіпсіздік техникасы және терроризмге қарсы іс—қимыл жөніндегі жетекші маман, Сулейманова Г.Ш., жатақхана коменданты, эдвайзерлер: Айтбаев М.М., Даукетова Ж.Б., Байжанов Е.А., Толеуова А.К., Журмагамбетова Т.Д., сонымен қатар студенттер белсенділері Студенттік Кеңестің белсенділері — Жолболдықызы Улнар және Шайыпов Тозауыр.
Іс-шара барысында тұрмыстық және тұрғын бөлмелерді кезең-кезеңімен аралау жүргізілді, тұрғындармен өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздік, санитарлық нормалар мен тұру ережелерін сақтау мәселелері талқыланды, кездесу соңында студенттердің проблемалық мәселелері мен тілектері тыңдалды.