Түркістан қаласында «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты.
Аталмыш халықаралық конференцияға З.Алдамжар атындағы Қостанай Әлеуметтік техникалық университетінің өкілі ретінде бірінші проректор Беков Дастан Салтанұлы қатысып, «Түркі дәстүрі» атты ғылыми мақаласын ұсынды.
