Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы университеттің оқырман залында , қазақ поэзиясының ақжал арғымағы атанған ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, Бүкіл Түрік поэзиясы фестивалінің лауреаты, жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлының 80 жасқа толуына орай, «Техникалық ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
Іс-шарада Лев Толстой атындағы кітапхананың қызметкері Шалғанбай Анаргүл ақын мен драматург туралы қызықты материалдармен сөз сөйледі.
Студенттер мен оқытушылар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін орындап, «Мерейтой иесінің қонағында» атты бейнеролик көрсетті.
