Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Құқықтану (бейінді бағыт)

Шифр: 7М04215

Берілетін академиялық дәреже:  «7М04215 Құқықтану»-білім беру бағдарламасы бойынша құқық магистрі.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, сот және құқық қорғау органдарының, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары білікті заңгерлерді даярлау.

Түлектердің біліктіліктері мен лауазымдарының тізбесі

Прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық тергеу органдарының қызметкері мен маманы; сот жүйесінің маманы; заң кеңесшісі; адвокат; нотариус; медиатор; қазақстандық және халықаралық құқық саласындағы заңгер; кадрлар бөлімінің маманы; мемлекеттік қызметші, сот әкімшілігі жөніндегі маман, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкері; әділет органдарының, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының маманы; орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқытушы және т.б.

Кәсіби қызмет саласы

Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық салада, білім беру қызметінде туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету, сақталуын қамтамасыз ету.

 

Кәсіби қызмет объектілері

  • аәкімшілік-басқарушылық қызмет,
  • сараптамалық-консультациялық қызмет,
  • заңгерлік қызмет,
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

Кәсіптік қызметтің пәндері

Құқықтық нормалар; заңдық маңызы бар оқиғалар мен іс-әрекеттер; мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың жұмыс істеуі саласында туындайтын құқықтық қатынастар; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.