Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті

Жел 6, 2023

2023 жылғы 05 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысын Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов бастады.

Баяндамалар жасады:

  • Лұқпанов Ержан Жолдасұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары «Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қорытындылары туралы» тақырыбында баяндама жасады.
  • Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, құрылыс, индустриялық-инновациялық даму, көлік және жол дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы: «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, құрылыс, индустриялық-инновациялық даму, көлік және жол дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің жұмысы туралы.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлы 2023 жылы облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне үлес қосқан еріктілер мен жекелеген ұйымдарға, оның ішінде академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-ға алғыс хат табыс етті.