Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Біздің студент Вагнер А. – әлем чемпионы!

Қар 7, 2023

«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Вагнер Артур 2023 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Ресей Федерациясының Сасово қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысып , халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындап Артур Әлем чемпионы атанды.

2017 жылдан бастап Артур қысқы Президенттік көпсайыспен айналысады, жаттықтырушысы – С.А. Карбаев, жоғары санатты жаттықтырушы, Қостанай облысының қысқы Президенттік көпсайыс бойынша аға жаттықтырушысы. Өткен уақыт аралығында Вагнер Артур келесі спорттық нәтижелерге қол жеткізді:

Ол ҚР спорт шебері, аталған спорт түрінен ҚР құрамасының мүшесі. Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогының иегері. Бірнеше рет халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, республика мен университет намысын қорғап келеді.