Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Көлік, көлік техникасы жəне технологиялары

Шифры -6В07118

Біліктілігі – 6В07118 – Көлік, көлік техникасы және технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
• техник,
• құрал-сайман бойынша техник,
• автокөлік техникалық сараптамасы бойынша маман,
• жөндеу бойынша инженері,
• жабдықты жинақтау бойынша инженері,
• өндірістік үдерістерді автоматтандыру және механикаландыру бойынша инженері,
• жөндеу цехының бастығы, техникалық бөлім бастығы,
• жабдықты пайдалану қызметінің басшысы,
• құралдар-сайман бөлімінің бастығы,
• шеберхана меңгерушісі,
• гараж бастығы,
• біліктілік талаптарына сәйкес автоколонна бастығы.

Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушінің біліктілік сипаттамасы

1 Кәсіби қызмет саласы:

осы бейіндегі бакалавр көлік техникасын жобалауға, пайдалануға және жөндеуге байланысты күрделі мәселелерді шешуге бағытталған адам қызметінің құралдарының, әдістері мен әдістерінің кешенін қамтитын материалдық өндіріс саласындағы қызметке дайындалады.

2 Кәсіби қызмет нысандары:

көлік машиналары мен жабдықтарын шығаратын машина жасау зауыттары; көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар; құралымдаулық, жобалық және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және дилерлік орталықтары; маркетингтік және көлік-экспедиторлық қызметтер; материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйелер, көлікті басқару қызметтері.

3 Кәсіби қызметтің пәндері:
– технологиялық ұдеріс
– техникалық бақылау
– машиналар
– бөлшектер
– жабдықтар

4 Кәсіби қызметтің түрлері:
– өндірістік-технологиялық;
– эксперименттік – зерттеушілік;
– сервистік – пайдаланушылықлық;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық;
– монтаждау-баптау;
– есептік-жобалық.

5 Кәсіби қызметтің функциялары:
– көліктік технологиялар жүйелеріне қатысты техникалық шарттар, стандарттар, техникалық сипаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысады
– көліктік технологиялар кәсіпорындарын жобалауға қатысты техникалық ұсыныстар мен басқа да құжаттарға сараптамалық бағалау жүргізеді
– бекітілген әдістерге сәйкес жекелеген бөлімдер (этаптар, тапсырмалар) бойынша тақырыпты ғылыми зерттеуге және әзірлеуге қатысады, эксперименттерге қатысады, өлшеу бақылауларын жүргізеді, олардың сипаттамасын құрастырады және қорытынды жасайды;
– пайдаланатын көлікті техникалық бақылау

6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
– өндірістік-технологиялық қызметке қатысады: жабдық жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін орнатуға; технологиялық үдерістің барлық көрсетілген параметрлері мен өндірілетін өнім сапасының сақталуын қамтамасыз етуде; қондырғылар мен жүйелерге техникалық, техника-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу кезінде
– эксперименттік зерттеу қызметіне қатысады: қызмет нысандарының жай-күйі мен динамикасын талдауда; қызмет нысандарының қасиеттері мен тәртібін болжауға мүмкіндік беретін теориялық модельдерді құруда; технологиялық жүйелер мен электр жабдықтарын сынау жоспарларын, бағдарламаларын және әдістерін әзірлеуде; эксперименттік және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу үшін компьютерлік технологияларды әзірлеу үшін
– ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысады: орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыруда; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауда әртүрлі талаптарға (құнға, сапаға, қауіпсіздікке және орындау мерзімдерге) жауап беретін шешімді таңдауда; өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда; өндірістік үдерісте техникалық бақылауды, сынауды және сапаны басқаруды жүзеге асыруда
– монтаждау-баптау қызметінде мыналарды жүзеге асырады: монтаждау, реттеу және жөндеу құжаттамасын әзірлеу; жабдықты іске қосу бойынша жұмыстарды жоспарлау; жабдықтарды, бөлшектерді, машиналарды монтаждау, пайдалану және жөндеу; нормативтік құжаттамаға сәйкес монтаждау-баптау жұмыстарына, жабдықты қабылдау-тапсыру сынақтарына, жабдықты пайдалануға қабылдауға қатысады;
– есептік-жобалық қызметінде: бөлшектерді, түйіндерді, жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жобаларын әзірлеу; дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері, технологиялық кешендерді автоматтандыру;

7 Кәсіби қызмет бағыты
Бұл бейіндегі бакалавр әртүрлі меншіктегі нысанындағы кәсіпорындарда және көлік технологиясының әртүрлі салаларында техникалық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған.

8 Кәсіби қызметтің мазмұны
– көлік техникасын жобалау, пайдалану және жөндеу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты кешенді мәселелерді шешеді;
– көлік технологиялары саласындағы алдыңғы қатарлы салалық, салааралық және шетелдік тәжірибені пайдаланады;
– көлік техникасын жобалау, дайындау, пайдалану шарттары мен жұмыс режимдерінің ерекшеліктерін анықтайды;
– көлік техникасын құру және жөндеу бойынша құралымдаулық, технологиялық, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді