06.10.2023 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Шапағат» медициналық орталығында студенттердің жыл сайынғы медициналық тексеруі өтті.
Негізгі мақсат пен міндет – көру қабілетінің ерте патологиясын анықтау, «дене шынықтыру»сабағына қатысқан кезде дене шынықтыру тобы мен денсаулық тобын құру.
Іс-шара барысында құрамына көз дәрігері мен терапевт кіретін «№ 5 емхана» ЖШС медициналық комиссиясы тереңдетілген медициналық тексеру жүргізді, денсаулық тобын анықтады, емхананың тар мамандарына қосымша тексеруге ұсыныстар берді.
Студенттерге денсаулыққа қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік беріліп, оларға толық жауаптар берілді.
СӨС насихаттау бойынша ақпараттық-білім беру материалы таратылды.