Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Университеттің Ғылыми кеңесінің салтанатты отырысы

Қар 13, 2023

Бүгін университетте физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жаманбалин Қадырғали Қонысбайұлының 65 жылдық мерейтойына арналған университеттің Ғылыми кеңесінің салтанатты отырысы өтті.

Ғылыми кеңестің жұмысына Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің делегациясы, Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің делегациясы, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері, Қостанай қаласы кәсіпорындарының басшылары және университет ұжымы қатысты.

Құрметті мерейтойшы, Қадырғали Қоныспаев Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің19.10.1998жылдан 28.08.2023  жылға дейін ректоры болып жұмыс істеді. 01.09.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті президентінің ғылым және инновация саласындағы кеңесшісі болып табылады.

Еңбек жолы үшін Қадырғали Қоныспайұлы көптеген грамоталармен және медальдармен, сондай-ақ «Құрмет» орденімен және ҚР ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы Алтын медалімен марапатталған.

Қадырғали Қоныспайұлының көптеген ғылыми еңбектері мен ғылыми өнертабыстарға патенттері бар.

Қадырғали Қоныспайұлы белсенді қоғамдық қызмет атқарып, төртінші шақырылымдағы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болды.