Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Қызылорда облысының мектептері мен колледждерінде кәсіптік бағдар беру жұмысы

Мам 28, 2024

Аубакиров Жанбай Қалдиевич профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қызылорда облысының мектептері мен колледждерінде болып, түлектермен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.
Өткізу орны:
* Жалағаш индустриялдық-аграрлық колледжі
* № 246 Ш.Ермағанбетов атындағы орта мектеп
* № 201 Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі
* № 31 мектеп-гимназия
•№ 202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп
Нысаналы аудитория: Қызылорда облысының мектеп және колледж түлектері.
Мақсаты: Түлектерді кәсіптік бағдарлау, академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде оқу мүмкіндіктерімен таныстыру.
Профессор Ж.К.Аубакиров академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу перспективалары, сұранысқа ие мамандықтар, сондай-ақ студенттердің студенттік өмірі туралы дәрістер оқып, сонымен қатар ведео көрсетілімдер тамашаланды.
Профессор Ж.К.Аубакиров түлектермен жеке консультациялар өткізіп, оларға болашақ мамандық таңдауды шешуге көмектесті
500-ден астам түлек кәсіптік бағдарлау жұмысымен қамтылған.
Жүргізілген кәсіптік бағдарлау жұмысы Қызылорда облысының мектеп және колледж түлектеріне академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды олардың географиясын кеңейте отырып, болашақта өткізуді жалғастыру ұсынылады.