Астана қаласында Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Республикалық студенттер кеңесі өтті. Аталмыш шараға З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің атынан ректор аппаратының жетекшісі Беков Дастан Салтанұлы қатысқан болатын. Кеңесте студенттердің мүдделерін қорғау, университет қабырғасындағы омбудсмендердің жұмысы және ғылымның дамуы туралы ауқымды сұрақтар көтерілді. Шара барысында Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек жас көшбасшылардың пікірін тындап, ғылым саласындағы тың жаналықтармен бөлісті.