Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Құқықтану (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Шифр: 7М04225

Берілетін академиялық дәреже:  «7М04225 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ басқа да меншік нысандарындағы ұйымдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті заңгерлерді даярлау; елдің одан әрі мемлекеттік-құқықтық дамуын ескере отырып, жоғары моральдық-адамгершілік қағидалары бар, өз бетінше ойлауға және құқық қорғау, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметті жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрларды даярлау.

 

Түлектердің біліктіліктері мен лауазымдарының тізбесі

  • жоғары оқу орнының оқытушысы (ассистенті);
  • ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК арнаулы оқу орындарының оқытушысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің;
  • құқық қорғау органдары жанындағы ғылыми-зерттеу институттарының кіші ғылыми қызметкері;
  • прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық тергеу органдарының қызметкері мен маманы; сот жүйесінің маманы; заң кеңесшісі; адвокат; нотариус; медиатор; қазақстандық және халықаралық құқық саласындағы заңгер; кадрлар бөлімінің маманы; мемлекеттік қызметші, сот әкімшілігі жөніндегі маман, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкері; әділет органдарының, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының маманы.

 

Кәсіби қызмет саласы

Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық салада туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету, сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық нормаларды әзірлеу және енгізу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; құқықтық білім беру саласындағы оқытушылық қызмет. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі – 7.

Кәсіби қызмет объектілері

  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік заңгерлік білім беру ұйымдары;
  • жоғары оқу орындары;
  • құқық қорғау органдары;
  • сот органдары;
  • өкілді органдар;
  • атқарушы және мемлекеттік билік пен басқармалар;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар;
  • адвокатура;
  • ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіптік қызметтің пәндері

–    инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру;

–    ЖОО-ның білім беру үдерісі шеңберінде магистранттардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;

–    уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беру жүйесін басқарудағы инновациялық процестерді қолдау жөніндегі қызметі.