2023 жылғы 17 қазан. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында Ашық дәріс өтті. Аталған іс-шараға академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ студенттері мен оқытушылары қатысты.