Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Экономикалық тергеу департаментінің басшысымен кездесу

Ақп 6, 2024

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының кездесуі

2024 жылғы 6 ақпанда Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Студенттер» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметімен, қаржы мониторингі органдарына түсу ережелері туралы танысу мақсатында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Ғабиденұлы Әбенов профессорлық-оқытушылық құраммен, университет және колледж студенттерімен кездесті. Кездесудің модераторы Ректор аппаратының басшысы Беков Дастан Салтанұлы болды. ТЖжқБ бойынша проректор, э. ғ. к., қауымдастырылған профессор Н. Т. Байқадамовтың құттықтау сөзінен кейін қатысушылар алдында сөз сөйледі:

– ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Ғабиденұлы Әбенов
– Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел басқармасының басшысы Әбілқақымов Дидар Сапарбекұлы
– Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы Тапалова Айнұр Жұмагелдиқызы.

Кездесу барысында берілген тақырыпқа әлеуметтік ролик көрсетілді. Спикерлер егжей-тегжейлі және жан-жақты ақпарат берді, жалпы кездесу өте қызықты және танымды өтті.