Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында тәрбие және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.
Республика күні қарсаңында академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің тәрбие жұмысы және қоғамдық байланыстар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Нұркен Тұрарұлы Байқадамов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әріптесімізді құттықтаймыз!