Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

ФИЗИКА-ИНФОРМАТИКА

Шифр – 6В01528

Біліктілігі: «6В01528 Физика-информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Біліктіліктер мен лауазымдардың тізбесі

– Педагог. Орта мектеп мұғалімі

– Педагог. Колледж оқытушысы

Кәсіби қызмет саласы

– білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

– жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарында балалар мен оқушы жастарды оқыту және дамыту;

– ғылым;

– физикалық және ақпараттық зерттеу әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет объектілері

-мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;

– ғылым ұйымдары: физика, информатика және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;

– басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім департаменттері;

– өз жұмысында физикалық және ақпараттық зерттеу әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.

Кәсіби қызмет пәндері:

– білім беру үдерісі оның құндылықты-нысаналы бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, нысандары мен нәтижелерінің бірлігінде;

– физика және информатика саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызмет;

– зерттеудің физикалық әдістерін жобалаудың, енгізудің технологиялық процесі;

– білім алушыларды инновациялық педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып тәрбиелеу, физика мен информатиканы оқыту;

– оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны, формалары;

– білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамаларын жүзеге асыру;

— тұлғалық-бағдарлы білім беру үдерісі.

Кәсіби қызмет түрлері:

– білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті жобалау және басқару, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;

-әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;

– ғылыми-зерттеушілік – физика және информатика саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

– ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату.

Кәсіби қызметтің функциялары:

– педагогикалық және тәрбиелік іс-шараларды, оның ішінде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыру;

– таңдалған бағытта және сабақтас салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу;

– ғылыми зерттеулерді жобалаудың, енгізудің және нәтижелерін сүйемелдеудің барлық кезеңдеріне қатысу;

— өз еңбегін ұйымдастыру және дербес оқыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану.

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

— білім беру бағдарламасына сәйкес физика мен информатиканы оқыту үдерісін жүзеге асыру;

– оқушылардың оқу үдерісін жобалау және басқару;

-заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайындағы диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыс;

– физика және информатика саласындағы зерттеу жұмыстары;

– эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;

– коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық ресурстарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру.

– оқу материалын жоспарлау;

– физика және информатика курстарының тақырыптарын оқытуға дайындық;

– оқыту мақсаттарына сәйкес әр түрлі типтегі сабақтарды дайындау және өткізу (физика және информатика саласындағы білімді «құру» және қолдану бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, жаңа материалды оқып үйрену; физика мен информатикадағы есептерді шығару әдістеріне үйрету; қолданбалы есептерді шығару әдістеріне үйрету; практикалық іс-әрекетке үйрету; білімді жалпылау мен жүйелеуге үйрету);

– білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау.

Кәсіби қызметтің бағыттары:

– білім беру жұмысы;

– педагогикалық жұмыс;

– тәрбие жұмысы.

Кәсіби қызметтің мазмұны:

– педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру

– білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру және оқушының танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағдарлану;

– оқытуды оқушының жеке басына бағдарлау, оның өзін-өзі ашуына, өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беру;

– басты мақсаты дарынды және қабілетті балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологияларын қолдану;

– оқушылардың өз бетінше білім алуына және кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау.