Шифр – 6В01519
Біліктілігі: «6В01519 Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Біліктіліктер мен лауазымдардың тізбесі
– Педагог. Орта мектеп мұғалімі
– Педагог. Колледж оқытушысы
Кәсіби қызмет саласы
– Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін жобалау;
– жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарында балалар мен оқушы жастарды оқыту және дамыту;
– ғылым;
– зерттеудің физикалық әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет объектілері
-мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
– ғылым ұйымдары: физика және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
– басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім департаменттері;
– өз жұмысында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.
Кәсіби қызмет пәндері
– білім беру үдерісі оның құндылықты-нысаналы бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, нысандары мен нәтижелерінің бірлігінде;
– физика және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызмет;
– зерттеудің физикалық әдістерін жобалаудың, енгізудің технологиялық процесі;
– білім алушыларды инновациялық педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып тәрбиелеу, физиканы оқыту;
– оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны, формалары;
– білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамаларын жүзеге асыру;
— тұлғалық-бағдарлы білім беру үдерісі.
Кәсіби қызмет түрлері
-әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
– білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті жобалау және басқару, педагогикалық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
– ғылыми-зерттеушілік – физика және оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
– ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату.
Кәсіби қызметтің функциялары
– педагогикалық және тәрбиелік қызметті, оның ішінде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру;
– таңдалған бағытта және сабақтас салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу;
– ғылыми зерттеулерді жобалаудың, енгізудің және нәтижелерін сүйемелдеудің барлық кезеңдеріне қатысу;
— өз еңбегін ұйымдастыру және өз бетінше білім алу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
— оқушылардың оқу үдерісін жобалау және басқару;
-заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жағдайындағы диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыс;
– физика және оқыту әдістемесі саласындағы зерттеу жұмыстары;
– эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
– коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық ресурстарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру.
Кәсіби қызметтің бағыттары
– білім беру жұмысы;
– педагогикалық жұмыс;
– тәрбие жұмысы.
Кәсіби қызметтің мазмұны
– білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру және басқару және оқушының танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағдарлану;
– оқытуды оқушының жеке басына бағдарлау, оның өзін-өзі таныту, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
– басты мақсаты дарынды және қабілетті балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологияларын қолдану;
– оқушылардың өз бетінше білім алуына және кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау.