17 наурыз 2024 ж. Қостанай қаласында (Гашек көшесі, 1А/1) Қостанай облысы әкімінің қатысуымен «Отбасылық спорт күніне» орай жалпы облыстық шаңғы жарысы өтті.
Іс-шараға Қостанай облысының қалалары мен аудандарының құрама командалары және Қостанай қаласының шаңғы спортын сүйетіндер қатысты.
Салқын таңға қарамастан, бұл қызықты іс-шараға Қазақстан Республикасының Спорт шебері, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті К.К.Шулаковтың басшылығымен академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері, атаулы стипендиаттары қатысты.