2023 жылдың 3-4 наурыз күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында «Сенің сәтің», Қазақстан Республикасының ғылым мен жоғары білім Министрі – Саясат Нұрбектің қатысуымен, Республикалық студенттер форумы өткізіліп жатыр.
Форумның мақсаты – жастарды тәуелсіздігімізді қастерлеуге, отан-сүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық алаңда талқылап, елімізді көшбасшы, белсенді жастардың басын біріктіру.
Осы Форумға Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университет өкілдері де қатысып отыр.
Олар:
- «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі – Амантайқызы Ботагоз;
- «Құқық» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті – Букенова Мадина Ерланқызы.
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университет өкілдері, Атырау университетіне саяхат жасап, «Жастардың саяси көшбасшылығын дамыту», «Қыздардың қоғамдағы рөлі» тренингінтеріне мен ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі садақ ату өнерінен шеберлік сағатына қатысты.