Ерте диагностика аурулармен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
06.12.2023 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Шапағат» медициналық орталығы Жастар денсаулық орталығымен бірлесе отырып, студенттерге арналған дерматолог Д. З. Назарованың қабылдауын өткізді.
Негізгі мақсаты мен міндеті – жүйелі тексерулер аурулардың болуын олардың дамуының ең басында анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеуді уақтылы бастауға және ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Динара Зейноллақызы студенттерді тексеріп, сауықтыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ СӨС насихаттау бойынша кітапшалар мен буклеттер берді.