Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Университет студенттерімен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында республикалық дәріс

Сәу 9, 2025

Ұлттық олимпиадаға қатысу дайындығы аясында академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік – техникалық университетте “Қаржылық сауаттылық” тақырыбында Республикалық дәріс өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды алаяқтардың қылмыстық схемаларынан сақтандыру.

Іс-шараның маңыздылығы тақырыптың өзекті мәселелерімен, атап айтқанда, “Қалай дроппер болмау керек және қаржылық пирамидада болмау үшін не істеу керек?” деген сұрақтармен талқыланды.

Дәріскер ретінде академик З.ұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік – техникалық университеті бірінші проректоры Беков Дастан Салтанович, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті өкілдері сөз сөйледі.

Дәріске 100-ден астам студент қатысты. Олардың көпшілігі Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиадаға қатысады. Мұндай іс-шаралар қаржылық сауаттылық деңгейін арттырып, білім алушылардың қаржылық қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.