Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Университеттің облыстық сот төрағасымен кездесуі

Қаң 24, 2024

2024 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облыстық сотының базасында академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Р.Б.Абдуллин бастаған «Құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жалыбин және облыстық соттың төрағасы Салий Вячеслав Васильевичпен, сондай-ақ сот жүйесінің қызметкерлерімен  кездесу өтті.

Кездесу барысында университет студенттері мен магистранттарының сот базасында кәсіптік практикадан өтуі, университет оқытушыларының да, университет базасында сот қызметкерлерінің де ашық сабақтарын өткізу мәселелері талқыланды. Кездесу барысында ағымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаумен қатар университет өкілдері облыстық соттың мұражайы мен оқу орталығын аралады.