5 қазан 2024 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданында Халықаралық “ZERENDA HALF MARATHON” атты турнирі өткізілді. Өзге елден келген қатысушылармен бірге мыңнан аса адам қатысты.
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің Дене шынықтыру және спорт оқұ бағдарламасынын 1 курс студенті Арман Ислам университетіміздің атынан қатысып, өз жас санаты бойынша 4 орын алды.
Осындай үлкен спорттық іс шараға қатысып үздік нәтиже көрсетүіне байланысты академик З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-нің әкімшілігін және студенттердің атынан құттықтаймыз! Исламнын жеңістері әлі алдыда деп білеміз!