10.10.2023 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Жастар есірткіге қарсы»тақырыбында дәріс өтті.
Негізгі мақсаты мен міндеті – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында «№ 3 емхана» нарколог-дәрігері М.Т. Талғатбеков есірткінің зияны туралы айтып, синтетикалық препараттар және олардың адам ағзасына әсер ету салдары туралы «заманауи психостимуляторлар» атты бейне презентация көрсетті.
Студенттерге қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді, олар оған толық жауап алды.
Ақпараттық-білім беру материалы таратылды, шақырылған қонақпен жалпы фотосурет түсірілді.