Қазақ тілі мен əдебиеті
Шифр – 6В01713
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының мақсаты: Білім саласының жоғарғы білікті мамандарын дайындайтын, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық технологияны енгізе отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған білімді іске асыру.
Білім берудің ұстанымдары студенттердің академиялық икемділігіне қол жеткізуге және олардың еңбек нарығында еркін бейімделуге бағытталған білім беру мен ғылымның негізгі ұстанымдарымен сай құрылады.
Білім беру бағдарламасы түлегінің біліктілік сипаттамасы
Түлектердің келесі ұйымдар мен мекемелерде жақсы жұмыс табу мүмкіндіктері бар:
– білім беру орта жалпы және мамандандырылған мектептер, колледждер, жоғары мектептер, колледждер, департаменттер;
– ғылыми-зерттеу ұйымдары (институттары), әлеуметтік және гуманитарлық;
– мемлекеттік және жеке мекемелер (оқыту мекемелері);
– қазақ тілі маманы білім саласында және аудармашы (әдістемелік кабинет меңгерушісі, тіл маманы) т.б.
Кәсіби қызмет саласы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында жұмыс атқарады.
Кәсіби қызмет нысандары
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:
– мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
– бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
– мәдениет пен мәдениетаралық қатынас саласы;
– мамандандырылған мектептер;
– техникалық және кәсіптік, орта білімімен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.
Кәсіби қызметтің функциялары
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:
педагогикалық қызметті ұйымдастыру және дамыту;
мамандығына қатысты ғылыми, әдеби, мәдени шаралар ұйымдастыру болып табылады;
оқу-әдістемелік әдебиеттерді, әдістемелерді зерттеу, талдау, және шығару;
оқу процесі барысында заманауи және ақпараттық техникалық технологиялармен білім беру үдерісін дайындау үшін жүзеге асыру;
өзін-өзі талдау, өзін-өзі жетілдіру үшін кәсіптік және жеке өсуі дағдыларын меңгерту.
Кәсіби қызмет мәні
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының негізгі және мамандандырылған оқытуға сәйкес кәсіби қызмет пәндері болып мыналар табылады: оқу үрдісін жоспарлау, білім беру қызметін ұйымдастыру, кеңес беру, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстар, инновациялық қызмет саласындағы білім беру, ұйымдастыру формалары, оқыту мен тәрбиелеу.
Кәсіби қызметтің бағыттары
– жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру;
– қазақ тілімен әдебиет саласындағы білімін жетілдіру;
– оқу үрдісін заманауи ғылыми үлгіде ұйымдастыру;
– ғылыми зерттеулер мен өндірістік шаралар атқару.