Қаржы
Шифр-6В04123
Академиялық дәреже: 6В04123 Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша Бизнес және басқару бакалавры
Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі
6В04123 «Қаржы» Білім беру бағдарламасының түлектері меншіктің барлық нысандары мен қызмет салаларындағы кәсіпорындарда, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарында, банк мекемелерінде, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, ломбардтарда, микро–кредиттік ұйымдарда, несиелік серіктестіктерде, бағалы қағаздар нарығында кәсіби, Талдамалық, кеңестік қызметті жүзеге асырады, қаржы және инвестициялық нарықтарда, ақша және капитал нарықтарында, сондай–ақ тиісті ұйымдарда ғылыми-зерттеу қызметін жүргізе алады.
Кәсіби қызметтің саласы:
Қаржы ресурстарын басқару, салық және кеден жүйесі, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, қазынашылық, банк ісі , тәуекелдерді басқару, қаржы және ақпарат ағындары, қаржы нарықтары, сақтандыру.
Кәсіби қызметтің объектілері:
Республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, қазынашылық, қаржы және салық органдары, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, Ұлттық банк, коммерциялық банктер, сақтандыру, қаржы-несие ұйымдары, инвестициялық қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілер.
Кәсіби қызметтің пәндері:
Қаржы санаттары, қаржы институттары, қаржы нарығы, қаржы саясаты, қаржы-экономикалық процестерді жоспарлау, бюджеттеу және болжау, қаржы нарықтарында қатысушылардың есептілігі.
Кәсіби қызметтің түрлері:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: қаржы мекемелерінде білікті жұмыс істеу дағдыларына ие болу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық базаны құруға қатысу, басқарудың неғұрлым тиімді әдістерін, мемлекеттік қаржыны ұйымдастыру қағидалары мен рәсімдерін әзірлеу және қолдану; банк институттарының қызметін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді басқару әдістерін, қағидалары мен рәсімдерін әзірлеу және қолдану;
Экономикалық қызмет: нарықтық жағдайлардың тенденцияларын басшылыққа алу және осы параметрлерді тиісті экономикалық құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолдана білу; нарықтық жағдайлардың тенденцияларын басшылыққа алу және банктік ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін осы параметрлерді қолдана білу;
Өндірістік-технологиялық қызмет: мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімді жүйесін құру, қаржыны басқару қағидаттарын практикада қолдану, қаржыны басқарудың әзірленген ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық базаларын пайдалану; ақша айналымын, қаржы-банк технологияларын ұйымдастырудың тиімді жүйесін құру;
Есеп айырысу-жобалау қызметі: жергілікті бюджеттердің жобаларын жасау; инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, қосымша қаржыландыру көздерін тарту негіздемесі бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, бағалы қағаздар нарығының қаржылық қызметінің стратегиялары мен тактикаларын әзірлеу; сақтандыру ұйымдарының, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын бағалау бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау, бағалы қағаздар портфелінің тиімділігін бағалау.
Кәсіби қызметтің функциялары
- есепті және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны менеджерлердің басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалануына дайындау, инвесторлар, кредиторлар, сыртқы және ішкі пайдаланушылар;
- қаржыландыру, несиелеу, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау, өндіріс әдістері бойынша балама шешімдерді талдау және бағалау;
- жалпы экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының кәсіпорындары мен мекемелерінің қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін басқару және бақылау;
- қаржы-несие қатынастарын ұйымдастыру мен басқарудың заңнамалық-нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсету.
Кәсіби қызметтің міндеттері
- қаржылық-несиелік қатынастарды реттейтін заңнамалық-нормативтік актілер мен ережелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- кәсіби қызметтің барлық салаларында қаржылық тәртіптің сақталуын бақылау;
- құрылымдық бөлімшелерде қаржыны ұтымды ұйымдастыру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде қаржылық менеджментті қолдану;
- бюджеттік жоспарлау және бюджет шығыстарының тиімділігін бағалау;
- қаржылық тәуекелдерді бақылау және басқару;
- бағалы қағаздар портфелін басқару және оның құрылымын оңтайландыру.
Кәсіби қызметтің бағыттары
- салық салуды ұйымдастыру, салықтық әкімшілендіруді және бюджетке қаражаттың толық және уақтылы түсуін бақылауды жүзеге асыру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметін басқару;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге қаржылық кеңес беру;
- салық-бюджет саясатының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және іске асыру;
- сапалы сақтандыру қызметтерін ұсыну және сақтандыру нарығын кеңейту;
- банк ісін ұйымдастыру және несие түрлерін, нысандары мен әдістерін дамыту;
- Қаржы нарығын ұйымдастырудағы және қалыптастырудағы кәсіби қызмет.
Кәсіби қызметтің мазмұны :
өндірісті ұйымдастыру және технологиялық процесті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану іс – шараларын әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру;
Қаржы менеджментінің тиімділігіне талдау жүргізу, ақша қаражаты қорларын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу.