Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Шифры-6В06108

Біліктілігі: 6В06108 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавры

Біліктілік пен лауазымдар тізімі
– Санатсыз біліктілігі жоғары деңгейдегі маман;
– Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман;
– Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман.
– Жүйелік әкімшісі
– Қосымшаларды әзірлеушісі
– БҚЕ әзірлеуші
– Бағдарламашы
– Тестілеуші

Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушінің біліктілік сипаттамасы.

1. Кәсіби қызмет саласы
– Ғылым
– Білім беру мәдениеті
– Денсаулық сақтау
– Ауыл шаруашылығы
– Мемлекеттік басқару

2. Кәсіби қызметтің нысандары
Адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын әртүрлі меншіктегі нысанындағы ұйымдар.

3. Кәсіби қызметтің пәндері.
Ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, оның ішінде оларды жобалау, әзірлеу, енгізу, қолдау және оларды пайдалану технологиялары.

4. Кәсіби қызмет түрлері.
– жобалық-құралымдаулық;
– өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық;
– пайдаланушылық;

5. Кәсіби қызметтің функциялары.
– жобалау;
– пайдалану;
– әкімшілік;
– қолдау;
– тестілеу;
– бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етуді қорғау

6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.
– ақпараттық жүйелердің және жалпы ақпараттық жүйелердің әртүрлі құрамдас бөліктерін жобалау және әзірлеу;
– ақпараттық жүйелердің деректер қорын орнату, конфигурациялау және басқару;
– ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық және олардың элементтерін техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді қолдау.

7. Кәсіби қызметтің бағыттары.
– ақпараттық-іздеу жүйелерін әзірлеу, енгізу және пайдалану;
– ақпараттық басқару жүйесін әзірлеу, енгізу және пайдалану.
– ақпараттық-ұйымдастырушылық жүйелерді әзірлеу, енгізу және пайдалану;

8.Кәсіби әрекеттің мазмұны
– ақпараттық жүйелердің құрамдас бөліктерін құру, бағдарламалар мен бағдарламалық кешендерді өндіру;
– ақпараттық жүйелердің бағдарламалық кешендерін тестілеу және жөнге келтіру;
– есептеуші тораптардың желілік қызметтерін орнату, конфигурациялау және басқару;
-кәсіптік қызмет нысандарын сертификаттау;
– ұйымдастырушылық- басқарушылық қызмет;
– ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және қолдау бойынша жобаларды басқару;
– кәсіптік қызмет нысандарын әзірлеу және жүзеге асыру үрдісін ұйымдастыруда технологияны, құралсаймандық құралдарын таңдау;
– берілген мерзімде берілген сападағы кәсіби қызмет нысандарының кәсіби дамуының жеке этаптарын ұйымдастыру;
– кәсіби қызмет нысандарын дамыту үдерісін жағымды ұйымдастыру шеңберінде кадрларды оқыту;
-жобалалық-құралымдаулық қызметі:
-пайдаланушылардың сұраныстарын, пәндердік салалардағы модельдердің және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет нысандарының жекелеген құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптар мен спецификацияларды әзірлеу;
ақпараттық жүйе компоненттерінің архитектурасын жобалау;
аппараттық-бағдарламалық жүйелердің адам-машина интерфейсін жобалау;
жобалаудың заманауи әдістері, құралдары мен технологиялары негізінде ақпараттық жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, техникалық қамтамасыз етуді жобалау, оның ішінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану.