Университет негізін қалаушы академик Зұлқарнай Алдамжардың құрметіне арналған2023 жылғы 5 желтоқсанда Студенттер мәдениет сарайында «Индустриялық даму: инновация дәуіріндегі адамдарға арналған технологиялар және қызметтер» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның жалпы отырысы сағат 10.00-ден бастап, ал секциялық отырыстар сағат 15.00-ден бастап өткізілді.
Конференцияның жалпы отырысының жұмысына шет елдер мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары қатысты:
Қыдырбек Қиысхан – Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің түлегі, тарих магистрі, журналист, халықарылық ән-жыр байқауларының лауреаты.
Баяндама тақырыбы: Академик Зұлқарнай Алдамжардың жаңашыл білім, инновациялық технология жайында болашақ жастарға арнаған ой-толғамы.
Караханян С. – PhD докторы, Абу-Дабидің Жоғары білім басқармасының директоры, Біріккен Араб Әмірліктерінің The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education компаниясының басқарма мүшесі және экс-президенті.
Баяндаманың тақырыбы: ЖОО-ны деректер негізінде басқару
Каланова Ш.М. – Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) президенті, Астана
Баяндаманың тақырыбы: Цифрландырудың жоғары білім беруге және сапаны қамтамасыз етуге әсері
Когамов М.Ч. – Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, Magsut Narikbayev University, Астана
Баяндаманың тақырыбы: Тиімді қылмыстық сот төрелігі – әділ Қазақстанның құқықтық жүйесінің өзекті сегменті
Турецкий Н.Н. – Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері, Астана
Баяндаманың тақырыбы: Заңнамалық үдерістегі жасанды интеллект
Шаяхметов Ш.Ш. – Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі (Жоғарғы Сот), Астана
Баяндаманың тақырыбы: Сот жүйесіндегі реформалар: трендтер мен перспективалар
Кондратьев Н.И. – Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Челябі мемлекеттік университетінің қосымша кәсіптік білім беру оқу орталығының басшысы, Ресей
Баяндама тақырыбы: Әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар жағдайында трансұлттық корпорациялардың даму ерекшеліктері
Қожағалиев А.У. – PhD докторы, академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессоры
Баяндаманың тақырыбы: Төртінші өнеркәсіптік революция: нақты проблемаларды, сын-қатерлер мен тәуекелдерді пайымдау
Конференцияның секциялық отырыстарында конференцияға қатысушылардың шетелдік және Қазақстанның online жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ ofline университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық ғылымдар оқытушыларының баяндамалары тыңдалды, онда қазіргі еңбек нарығында қолданылатын сапалы білім алуда жаңа кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға ықпал ететін қоғамның индустриялық дамуының өзекті мәселелері қаралды.