29.11.2023 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің фойесінде Дүниежүзілік жастар арасында ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған акция өтті.
Негiзгi мақсаты мен мiндетi – студенттердi АҚТҚ-жұқпасының алдын алу мәселелерi бойынша хабардар ету, белсендi салауатты өмiр салтын және АҚТҚ жұқтырғандарға төзiмдi көзқарасты насихаттау.
Іс-шара барысында «Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК дәрігер-эпидемиологы АИТВ инфекциясының берілу жолы, есірткіге тәуелділер және әдіснамалық терапия бойынша кім емделетіні туралы айтып берді. Ниет білдірушілер жасырын және тегін экспресс-тестілеуден өте алады.
Студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігі беріліп, оларға толыққанды жауаптар берілді.
Ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, естелікке ортақ фото түсірілді.