Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Инфекционист дәрігер «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді

Ақп 28, 2024

28.02.2024 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің 501 аудиториясында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған «Туберкулездің алдын алу» ұлттық бағдарламасы аясында дәріс оқылды.

Негізгі мақсат – студенттерді туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру.

Шара барысында «№ 3 емхана» КМҚК инфекционист-дәрігері Соколова И.А. туберкулездің алғашқы белгілері, оның пайда болуы мен таралуы туралы айтып берді. «Симптомсыз тасымалдаушы кім», «Темекілер, вейптер және тоңазу бронх-өкпе жүйесіне қалай әсер етеді?» деген сұрақтарды ашты. Сондай-ақ, вакцинация мен кеуде қуысының флюорографиялық тексеруден уақтылы өтуі туралы ақпаратты қамтитын бейнеролик ұсынылды.

Студенттерге өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, естелікке ортақ фото түсірілді.