Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

«Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» атты дөңгелек үстел

Қаз 13, 2023

2023 жылдың 12 қазанында академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ оқу залында «Жанашыр бол» ҚҚ ұйымдастырған «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның спикері және жүргізушісі – облыстық мәслихаттың депутаты Александра Сергазинова. Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің және Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары алдында «Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздары Валентина Сатубалдиннің отбасы сөз сөйлеп, 34 жыл бойы ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігі мен сыйластығын сақтап қалудың сырымен бөлісті. Осы кездесу аясында «TALKA» формасында пікірталас өтті, оған оқытушылар да, студенттер де белсене қатысты. Қозғалған тақырыптарды ешкімді бей-жай қалдырған жоқ:

– Жас отбасылар ата-аналарымен бірге тұруы керек пе.

– Қазіргі қоғамның мәселесі- «тастанды» ата-аналар санының өсуі.

– Зорлық-зомбылық, опасыздық, дәстүрлі емес бағдар, некені бұзу

Сонымен қатар спикер пікірталас ретінде ұят-тақырыбын ұсынды. Басқаға қалай дұрыс өмір сүру керектігін айтуға бола ма? Біреудің басқаны  айыптауға құқығы бар ма?

Жалпы, іс-шара өте қызықты әрі танымды өтті, студенттер мен оқытушылар белсенді пікірталас өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетейік, кездесу Қостанай қаласының ішкі саясат бөлімі тапсырысымен ұйымдастырылып «Жастар ортасында Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау» жобасы аясында өтті.