Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

Шифры – 6В07510

Біліктілігі: 6В07510 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Біліктілік пен лауазымдар тізімі
• 1-ші санатты техник
• Кіші ғылыми қызметкер
• Зертханашы-инженері
• Ғылыми-зерттеу ұйымдарының инженері
• Өнеркәсіптік кәсіпорындарды стандарттау, сертификаттау және метрология бағыты бойынша құралымдау және жобалау ұйымдарының инженері.
Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушінің біліктілік сипаттамасы

1 Кәсіби қызмет саласы
«Техникалық реттеу туралы», «Стандарттау туралы», «Стандарттау туралы және» «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», заңдардың нормалары мен талаптарын сақтай отырып, өндіріс және қайта өңдеу кәсіпорындарында, ғылыми орталықтарда, зертханаларда, сәйкестікті растау органдарында стандарттарды әзірлеу, сараптау, енгізу, қолдану бойынша кәсіби қызметтерді көрсету.

2 Кәсіби қызметтің нысандары
Сынақ калибрлеу зертханалары, сәйкестікті растау органдары, сынақ орталықтары, техникалық комитеттер, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу орталықтар, сараптамалық ұйымдар.

3 Кәсіби қызметтің пәндері
– өнім (қызмет) және технологиялық үдерістер;
– кәсіпорындар мен ұйымдардың, метрологиялық және сынақ зертханаларының жабдықталуы;
– өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары;
– техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару жүйелері, ғылыми, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету;
– стандарттау бойынша құжаттары;

4 Кәсіби қызметтің түрлері
– өндірістік-технологиялық;
– норма-шығармашылық;
– есептік-жобалық;
– ғылыми-зерттеулік;
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
– сервистік-пайдаланушылық;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық;
– зертханалық-зерттеушілік.

5 Кәсіби қызметтің функциялары
– стандарттарды, нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу, қайта қарау және өзгерту;
– құрылымдаулық, технологиялық және эксплуатациялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу, геометриялық дәлдіктің жеке көрсеткіштерін өлшеу әдістерін әзірлеу, нақты салалар үшін өлшем жүйелерін әзірлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістерін әзірлеу;
– эксперименттер, өлшеулер, бақылаулар жүргізу, зерттеу нәтижелері мен ғылыми әзірлемелерді енгізу;
– өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, жоспарлы тексеруді және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру, сынақтардан және бақылаудан өткізу;
– өндіріс жағдайын талдау және одан әрі сертификаттау, түзету және алдын алу шараларының орындалуын бағалау мақсатында өнім, қызмет көрсету және жүйелер сапасының тұрақтылығын бағалау;
– стандарттау құжаттарын техникалық регламенттердің талаптарын орындаудың дәлелдемелік базасы ретінде пайдалану
– стандарттардың және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау және инспекциялық бақылау;

6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
– техникалық регламенттерді қолдану мен орындау және сәйкестікті растауды жүзеге асыру үшін стандарттау саласындағы құжаттар тізбесін қалыптастыруға қатысу
– стандарттау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу
– стандарттау құжаттарын әзірлеу немесе оларға түзетулер енгізу
– стандарттау құжаттарын сараптау
– техникалық мәліметтерді нормативтік бақылауды жүзеге асыру
– өнім сапасын басқару жүйесі бойынша шараларды әзірлеуді ұйымдастыру;
– ішкі және сыртқы аудиттердің сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу, өндірісті жүйелі талдау;
– кәсіпорынға түсетін дайын өнім мен материалдық ресурстарды сынауды бақылау, заманауи әдістер мен бақылау-өлшеу құралдарын енгізу, стандартталған және бірыңғайландырылған өнімдерді дайындау мен сынауды бақылау.
Өндірістік-технологиялық қызмет:
– өнім сапасын басқару бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету
– сапа менеджменті жүйесін, өлшем түрлері бойынша жергілікті тексеру схемаларын, кәсіпорын стандарттарын әзірлеу (жетілдіру) және енгізу;
– ақаулық деңгейін бағалау және оның пайда болу себептерін талдау;
– бұйымдар мен технологиялық үдерістердің өлшенетін және бақыланатын параметрлерінің номенклатурасын, өлшеу дәлдігі мен бақылау сенімділігінің оңтайлы стандарттарын анықтау, өлшеу құралдарын таңдау.

7 Кәсіби қызметтің бағыттары
– салалар мен қолдану аймақтары бойынша стандарттау;
– салалар мен қолдану салаларын метрология және метрологиялық қамтамасыз ету;
– салалар және қолдану бойынша сертификаттау.

8 Кәсіби қызметтің мазмұны
стандарттау:
– стандарттар мен нормативтік құжаттарды ұйымдастыру, әзірлеу, қайта қарау және өзгерту;
– жобаларды, бағдарламаларды, стандарттарды, техникалық шарттарды, стандарттау құжаттарын сараптау және олардың қолданыстағы заңнамаға, техникалық регламенттерге, тиісті стандарттар мен құжаттарға сәйкестігін бағалау;
– стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері бойынша халықаралық және шетелдік техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық шарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануды талдау;
– нормативтік құжаттардың ағымдағы базасын талдау, салалық және қолдану бойынша қызметті және қол жеткізілген стандарттау деңгейін бағалау, оларды жетілдіру бойынша ұсыныс;
метрология және метрологиялық қамтамасыз ету;
– бұйымдар мен технологиялық процестердің өлшенетін және бақыланатын параметрлерінің диапазонын, өлшеу дәлдігі мен бақылаудың сенімділігінің оңтайлы стандарттарын анықтау, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау, сынақтар мен бақылау;
– өлшеулерді орындау әдістерін және өлшеу құралдарын сынау және бақылау бағдарламаларын әзірлеу, нақты өнеркәсіптер үшін өлшеу жүйесін әзірлеу;
– өлшем құралдарының түрін сынау және бекіту, оларды салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем құралдарын сертификаттау, өлшем құралдарын метрологиялық бақылау және қадағалау;
– конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын метрологиялық сараптама және метрологиялық зерттеу;
– жаңа өлшеу құралдарын енгізу, өлшеудің, сынаудың және бақылаудың озық әдістерін енгізудің жоспарларын дайындау;
сертификаттау:
– өнімді (қызметтерді), үдерістерді (жұмыстарды) және жүйелерді сертификаттауға ұсынылған құжаттарды талдау, олардың стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау;
– өндіріс жағдайын талдау және өнім (қызмет) сапасының тұрақтылығын бағалау;
– бұйымдар мен технологиялық удерістердің өлшенетін және бақыланатын параметрлерінің номенклатурасын, өлшеу дәлдігі мен бақылаудың сенімділігінің оңтайлы стандарттарын анықтау, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау, сынақтар мен бақылау;
– өлшеулерді орындау әдістерін және өлшеу құралдарын сынау және бақылау бағдарламаларын әзірлеу, нақты өндірістер үшін өлшеу жүйесін әзірлеу;
– өлшем құралдарының түрін сынау және бекіту, оларды салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем құралдарын аттестаттау, өлшем құралдарын метрологиялық бақылау және қадағалау;
– кұралымдаулық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын метрологиялық сараптама жасау және метрологиялық әзірлеу;
– жаңа өлшеу техникасын енгізу, өлшеудің, сынаудың және бақылаудың озық әдістерін енгізудің жоспарларын дайындау;
сертификаттау:
– өнімді (қызметтерді), үдерістерді (жұмыстарды) және жүйелерді сертификаттауға ұсынылған құжаттарды талдау, олардың стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау;
– өндіріс жағдайын талдау және өнім (қызмет) сапасының тұрақтылығын бағалау;
– кәсіпорындарда өнім (қызмет) өндірісінің күйін және сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін тексеру әдістері мен бағдарламаларын әзірлеу;
– сертификатталған өнімдерге (қызметтерге), үдерістерге және жүйелерге инспекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;