18.03.2024 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің жатақханасында «Тазалық – денсаулық кепілі!» тақырыбында жатақхана студенттерімен кездесу өтті.
Негізгі мақсаты – жатақханада тұру санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын сақтау.
Кездесу барысында университеттің медицина қызметкері А.Р. Мулдағалиева жеке тазалықты сақтау, күн тәртібі мен дұрыс тамақтану жас, өскелең ағзаға қалай әсер ететінін айтып берді. Сондай-ақ көктемде ағзаны дәрумендеу туралы ақпарат берілді.