Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

10 августа — день великого акына Абая Кунанбаева

Авг 10, 2023

 Бүгін – Абай күні. Ұлтымыздың ұлы ақыны, хәкім Абайдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында атаулы күн 2020 жылғы 5 тамызда еліміздің мерекелер күнтізбесіне енді.

«Өткеннің арты, жаңаның басы бола білген» ұлы ақынның тағылымына терең бойлау, одан салиқалы сабақ ала білу – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие.

Абай – ұлтымыздың болмысы мен бітімінің айқын үлгісі. Абай – әлем әдебиеті мен мәдениетін қастерлі асыл қазыналармен байытқан бірегей тұлға. Күллі адамзатқа ортақ кемеңгер шығармаларының әлемнің 30-дан астам тіліне аударылуы – бұл сөзімізге айқын дәлел.

Абайдың өміршең һәм өнегелі әдеби мұрасы – біздің өркениетіміздің алтын тұғырына айналуы тиіс.

Өткеніміз бен ертеңіміздің алтын діңгегіне айналған тұғырлы тұлғаны өскелең ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу мақсатында бүгінде отандық бірнеше жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне «Абайтану» курстары енгізілген. Бұдан бөлек, бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелерінде хәкім шығармашылығын зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы», – деп атап өткен. 

Расында да, надандықтың орнына білімпаздықты, даңғазалықтың орнына даналықты насихаттаған Абай мұрасы бізге әрдайым жол сілтер шамшырақ болып қала беретіні сөзсіз.

Ұлы ақынның ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани сарқылмас азық, таусылмас қазына бола бермек. Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын!