Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Электр энергетикасы

Шифры – 6В071026

Біліктілігі – 6В07126 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Біліктілік пен лауазымдар тізімі
• бірінші санатты техниктің бірінші реттік лауазымдары
• электр желілерін, электр станцияларын және қосалқы станцияларды пайдалану жөніндегі маман
• Ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкері
• «Электрмен жабдықтау» бағыты бойынша құрылымдаулық және жобалау ұйымдарының қызметкері
• электр энергетикасы саласындағы кеңес беру және коммерциялық қызмет.

Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушінің біліктілік сипаттамасы

1 Кәсіби қызмет саласы
Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің технологиялар жиынтығын, құралдары, тәсілдері мен әдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы.

2 Кәсіби қызметтің нысандары
Электр станциялары мен қосалқы станциялары, электр энергетикалық жүйелері мен желілері, қалалардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ауыл шаруашылықтың, көлік жүйелерін және олардың нысандарын электрмен жабдықтау жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғаныс және автоматтандыру, нормативтік-техникалық құжаттама, электр энергиясының сапасын бақылау әдістері мен құралдары, электр өнеркәсібінің өнімдері, жүйелік электр жабдықтары және электрмен жабдықтау, электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер.

3 Кәсіби қызметтің пәндері
– электр станциялары мен қосалқы станциялар;
– электр жүйелері мен желілері;
– электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматтандыру;
– әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау;
– дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері;
– электр оқшаулау және кабель техникасы;
– электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер;
– жарықтандыру техникасы және жарық көздері.

4 Кәсіби қызметтің түрлері
– өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқарушылық;
– монтаждау-баптау;
– жобалау-құралымдаулық;
– зерттеу.

5 Кәсіби қызметтің функциялары
– монтаждау және баптау,
-сервис
– пайдалану
-жобалау
-өндірістік қызметті талдау

6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
– өндірістік-технологиялық қызметке қатысады: жабдық жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін анықтауға; электр жабдықтарының құрамын және оның параметрлерін, электр энергетикасы нысандарының схемаларын анықтау кезінде; технологиялық үрдерістің барлық көрсетілген параметрлері мен өндірілетін өнім сапасының сақталуын қамтамасыз етуде; қондырғылар мен жүйелерге техникалық, экономикалық және экологиялық талдау жүргізу кезінде;
– ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысады: орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыруда; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауда әртүрлі талаптарға (құнға, сапаға, қауіпсіздікке және мерзімдерге) жауап беретін шешімді таңдауда; өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда; өндірістік үдерісті техникалық бақылауды, сынауды және сапаны басқаруды жүзеге асыруда.
– жобалау-құрылымдаулық қызметте: электр станциялары мен қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен желілерінің жобаларын әзірлеу, электр энергетикалық жүйелерін релелік қорғау және автоматтандыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері, электр механикасы, электр оқшаулау және кабель техникасы, электр технологиялық қондырғылары мен жүйелері, жарық техникасы және жарық көздері, электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру;
– зерттеу қызметіне қатысады: қызмет объектілерінің жағдайы мен динамикасын талдауға; қызмет объектілерінің қасиеттері мен тәртібін болжауға мүмкіндік беретін теориялық модельдерді құруда; технологиялық жүйелер мен электр жабдықтарын сынау жоспарларын, бағдарламаларын және әдістерін әзірлеуде; эксперименттік және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу үшін компьютерлік технологияларды қолдануда; энергия үнемдейтін электротехнологиялық жабдықтарды, қондырғылар мен кешендерді әзірлеуде;

7 Кәсіби қызметтің бағыттары
Кәсіби қызмет электр қондырғыларын жаңғыртуға, жобалауға, пайдалануға бағытталған: электр станциялар мен қосалқы станциялар, электр жүйелері мен желілері, электр энергетикалық жүйелерін релелік қорғаныс және автоматтандыру, әртүрлі саладағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері, электр оқшаулағыш және кабельдік техника, электр қондырғылары мен жүйелері , жарық техникасы және жарық көздері.

8 Кәсіби қызметтің мазмұны
– энергия ресурстарының дұрыс, қауіпсіз және функционалды бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
– өндіріс үшін энергетикалық жүйелерін әзірлеуге қатысады;
– электр энергетикалық жүйелерге қатысты техникалық шарттар, стандарттар, техникалық сипаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысады;
– электр энергетикасы кәсіпорындарын жобалауға қатысты техникалық ұсыныстарды, техникалық тапсырмаларды және басқа да құжаттарды сараптамалық бағалауды жүргізеді;
– бекітілген әдістемелерге сәйкес жекелеген бөлімдер (этаптар, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеулер мен тақырыпты әзірлеуге қатысады, эксперименттерге қатысады, бақылаулар мен өлшемдер жүргізеді, олардың сипаттамасын құрастырады және қорытынды жасайды.