«Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесінің 2025-2026 оқу жылына арналған сапа саласындағы МАҚСАТТАРЫ
Академик З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ басшылығы ИСО 9001:2015 жылғы МС ережелеріне сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сегіз қағидаттарына негізделген сапа саласындағы саясатты әзірледі және бекітті.
Сапа саласындағы саясатта көзделген бағыттар бойынша әрекет ете отырып, ҚӘТУ 2025-2026 жылдары академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-дың 2028 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес (Ғылыми кеңестің 2022 жылғы 31 тамызының шешімімен бекітілген. № 1 хаттама) мынадай мақсаттарға қол жеткізу міндетін қояды:
|
№ б/ж |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2025-2026 оқу жылы |
|
1. |
Білім алушылар контингенті: — Бакалавриат — Магистратура |
адам |
3910 129 |
|
2. |
Түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі |
% |
95 |
|
3. |
Ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары бар ПОҚ үлесі |
% |
74 |
|
4. |
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру |
% |
73 |
|
5. |
Академиялық ұтқырлыққа қатысатын ПОҚ үлесі |
% |
12 |
|
6. |
Штаттық ПОҚ-тың жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен оқытушылардың үлесі |
% |
52 |
|
7. |
Білім беру және ғылыми қызметтен ЖОО кірістерінің ұлғайуы |
% |
10 |
|
8. |
МТБ дамыту |
мың. теңге |
115500 |
Аталған мақсаттарды іске асыру барысында басым бағыттар ретінде төмендегілер айқындалды: университеттің білім беру қызметтері нарығындағы көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарындағы позициясын нығайту; жас мамандарды даярлау сапасын арттыруды қамтамасыз ету – жасанды интеллект технологияларын енгізу, білім беру үдерісін цифрландыру және барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады
«Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесінің сапа саласындағы САЯСАТЫ
«Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесінің сапа және инновациялар саласындағы саясаты
Кіріспе . «Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» (ҚӘТУ) мекемесі білім алушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілер мен мемлекеттің сұраныстары мен мүдделеріне жауап беретін білім беру қызметтерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар заманауи инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін белсенді түрде енгізу арқылы білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігін арттыруды көздейді.
Университеттің басты мақсаты – әр студенттің физикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, барлығына тең мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.
Миссия. Халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білікті кадрларды даярлау;жаңа формациядағы түлектерді – болашаққа ашық, алған білімдерін ғылымда, өндірісте және кәсіпкерлік қызметте тиімді жүзеге асыра алатын, еңбек нарығында сұранысқа ие және тұлға, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын мамандарды даярлау.
Біздің миссиямыздың аясында университет инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы икемді және заманауи оқыту жүйелерін қалыптастырады, студенттердің цифрлық сауаттылығын және ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Көзқарас (Видение). «Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесі — Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жеке жоғары оқу орындарының ішінде беделді білім беру мекемесі болып табылады және «Атамекен» ұлттық рейтингі бойынша елдің 30 үздік жоғары оқу орнының қатарына кіреді.
ҚӘТУ-дің стратегиялық бағыты – әрбір студент пен қызметкер өзін жайлы сезінетін және өз мақсаттарына жетуге тең мүмкіндік алатын инклюзивті орта құру. Университет өңірдің бизнес құрылымдарымен және әлеуметтік секторымен белсенді ынтымақтасып, өңірлік дамуға, адами капитал сапасын арттыруға және инновациялық технологияларды енгізуге өз үлесін қосады.
Сапа және инновациялар саласындағы саясат. ҚӘТУ өз миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына ИСО 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіру арқылы қол жеткізеді.
Осы саясат аясында университет:
- инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллекті, оқу үдерісін оңтайландыру, білімді бағалау және дербестендірілген оқытуды қолдау мақсатында енгізуге ерекше назар аударады;
- интеллектуалдық меншік пен технологиялар өнімдерін коммерцияландыруға жағдай жасайды;
- ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Инклюзивті орта. Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру университеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. ҚӘТУ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолжетімді білім алуды қамтамасыз етеді, бейімделген технологияларды енгізеді және барлық білім алушылар санаттарына арналған қолдау бағдарламаларын әзірлейді. Жасанды интеллектіні пайдалану білім алушыларға жеке оқу траекторияларын қалыптастыруға, қолдау және бағалау процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайында табысты еңбек етуге қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Сапа және инновациялар саласындағы басым бағыттар
- Білім, ғылым және өндіріс интеграциясын заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану арқылы дамыту;
- Оқыту үдерісін білім алушы тұлғаға бағытталған және оның жеке қажеттіліктерін ескеретін өзара іс-қимыл негізінде құру;
- Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін енгізу;
- Барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және инклюзивті оқыту жағдайларын жасау;
- Заманауи технологиялармен жұмыс істей алатын жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Іске асыру тетігі
Университет басшылығы осы саясатты іске асыруда көшбасшылық рөл атқара отырып, мақсаттар мен қызмет бағыттарының бірлігін қамтамасыз етеді.
Саясатты бекіте және тарата отырып, университет басшылығы әр қызметкер мен студенттің бастамашылдығына және университет қызметін үздіксіз жетілдіруге белсенді қатысуына сүйенеді.
Жасанды интеллект жүйелерін енгізу мен инклюзивті ортаны дамыту – университеттің даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады және қазіргі заманғы білім беру талаптары мен еңбек нарығының сұраныстарына толық сәйкес келеді.
