Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Авг 12, 2023

Қымбатты жас достар! Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыздың ұлы ақыны, біртуар тұлға Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін» деп өскелең ұрпаққа үлкен сенім артқан.

Азаттық рухымен өсіп келе жаткан Сіздер — мемлекетіміздің келешек үміті, тегеурінді тірегісіздер.

Халқымызда «Ақыл — жастан, асыл — тастан» деген ұлағатты сөз бар. Қазіргі күнде әлемге танымал ірі компаниялар мен брендтердің іргетасын жас кәсіпкерлер қалаған. Мәселен, «Аpple» компаниясын Стив Джобс 21 жасында, «Майкрософты» Билл Гейтс 20 жасында, «Фейсбукті» Марк Цукерберг 19 жасында құрған.

Бүгінде мемлекетіміз жастардың барлық бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ғылым, спорт, білім беру, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда дарынды жас азаматтарды қолдау механизмдері іске қосылған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

Қадірменді достар Сіздерді дамыған, толерантты және жаңарған қоғамды бірге құруға шақырамын. Бұл үшін өздеріңізді ұдайы жетілдіріп, жан-жақты дамыта түсулеріңіз керек.

Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен баянды бақ-береке тілеймін!