2024 жылғы 16 ақпанда университет қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен жаңадан қабылданған білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын талдау және түсіндіру мақсатында ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Жауханұлы Еділханов өткізген семинар-кеңеске қатысты.