Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Физика — математика

Шифр: 6В01532

 Берілетін академиялық дәреже: 6В01532 – «Физика – математика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты.

Қажетті кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларға ие, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, «Мұғалім» кәсіби стандартының талаптарына сай физика-математика пәні мұғалімін даярлау.

 

Біліктіліктер мен лауазымдардың тізбесі:

  • Мұғалім. Орта мектеп мұғалімі
  • Мұғалім. Колледж оқытушысы

 

Кәсіби қызмет саласы:

  • білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
  • жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарында балалар мен оқушы жастарды оқыту және дамыту;
  • ғылым;
  • зерттеудің физикалық және ақпараттық әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

 

Кәсіби қызмет объектілері:

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
  • ғылым ұйымдары: физика, математика және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
  • басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім департаменттері;
  • өз жұмысында физикалық және ақпараттық зерттеу әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.

 

Кәсіби қызмет пәндері:

  • білім беру үдерісі оның құндылықты-нысаналы бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, нысандары мен нәтижелерінің бірлігінде;
  • физика және математика саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызмет;
  • зерттеудің физикалық әдістерін жобалаудың, енгізудің технологиялық процесі;
  • білім алушыларды инновациялық педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып тәрбиелеу, физика мен математиканы оқыту;
  • оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны, формалары;
  • білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамаларының талаптарын іске асыру;
  • тұлғаға бағытталған білім беру процесі.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті жобалау және басқару, педагогикалық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
  • әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • ғылыми-зерттеушілік – физика және информатика саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату.

 

Кәсіби қызметтің функциялары:

  • педагогикалық және тәрбиелік қызметті, оның ішінде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру;
  • таңдалған бағытта және сабақтас салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми зерттеулерді жобалаудың, енгізудің және нәтижелерін сүйемелдеудің барлық кезеңдеріне қатысу;
  • өз еңбегін ұйымдастыру және өз бетінше білім алу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану.

 

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

  • білім беру бағдарламасына сәйкес физика мен информатиканы оқыту үдерісін жүзеге асыру;
  • оқушылардың оқу үдерісін жобалау және басқару;
  • заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайындағы диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстар;
  • физика және математика саласындағы зерттеу жұмыстары;
  • эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
  • коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық ресурстарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру.
  • оқу материалын жоспарлау;
  • физика және математика курстарының тақырыптарын оқытуға дайындық;
  • оқыту мақсаттарына сәйкес әр түрлі типтегі сабақтарды дайындау және өткізу (физика-математика саласындағы білімді «құру» және қолдану бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, жаңа материалды оқып үйрену; физика-математика есептерін шығару әдістеріне үйрету; қолданбалы есептерді шығару әдістеріне үйрету; практикалық іс-әрекетке үйрету; білімді жалпылау мен жүйелеуге үйрету);
  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің диагностикасы.

 

Кәсіби қызметтің бағыттары:

  • тәрбие жұмысы;
  • педагогикалық жұмыс;
  • тәрбие жұмысы.

 

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру және оқушының танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағдарлану;
  • оқытуды оқушының жеке басына бағдарлау, оның өзін-өзі ашуына, өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беру;
  • дарынды және қабілетті балалардың шығармашылық іс-әрекетке қарым-қатынасы кезінде басты мақсаты болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологияларын қолдану;
  • оқушылардың өз бетінше білім алуына және кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау.