Қазақстанда 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланған. Оқу гранттарының 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бағытталған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Бұл экономика үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Алғаш рет өңірлік квоталар енгізілді. ЖОО-лар өз өңірлерінде қажетті бағыттар бойынша мамандар даярлауға гранттар береді. Бұл ветеринарлар, энергетиктер, техниктер, агрономдар және тағы басқалар. Сондай-ақ ата-анасыз жетім қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға да қолдау көрсетілді. Биыл гранттардың 99%-ы игеріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.
