2025 жылдың 30 қаңтарында «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп кәсіптік бағдар беру мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. . Спикерлердің баяндамасы жастарды қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке тартуға бағытталды. Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырды, олар ҚАЖД органдарында жұмыс істеудің әртүрлі аспектілері және осы саладағы мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы білді. Бұл іс-шараға біздің студенттер де қатысты.
