Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Май 31, 2025

Бұл дата елімізде 1997 жылдан бері тойланып келеді. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық ХХ ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қасіретке айналды. 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін халқымызды айналып өтпеді. Қазақстанда бірінші болып Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларды «ұлтшылдық» жасады деп айыптады. Нәтижесінде Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбакиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және т.б. тұтқындалып, атылды. Бүгінгі зерттеулер көрсеткендей, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін салдарынан халқымыздың жартысынан көбі қаза тапты. Ал 200 мың қазақ басқа мемлекеттерге қоныс аударды.

2025 жылдың 31 мамырында академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік—техникалық университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған қалалық митингіге және гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.